Арнау – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Арнау» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 5318
(Александр Сергеевич Пушкинге)

Арнадым бұл жырымды, ақын, саған
Тәңірісі сұлу сөздің ағындаған.
Тәкаппар данышпаным, қабылдашы
Бір сыйды құрмет еткен сахарадан.
Кіршіксіз күміс судай музаң тәтті,
Бал болып талай жанды таңырқатты
Балқытып терең сырмен жан иесін
Жүректе махаббаттың отын жақты.
Талай тіл отанымда сен деп сайрап,
(Мәнерлеп суретіңді қызыл байлап)
Туғызып сені қайта қарт анаңнан
Думандап мерекеңді жатыр тойлап.
Таусылмас сенің жырың маған тәтті,
Өзі өткір, өзі жылы махаббатты.
Сен менің баға жетпес ұстазымсың,
Ақынсың дүниедегі ең қымбатты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арнау өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері