Пилот қызға – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Пилот қызға» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3255
Айлы аспаннан, шым жібектей,
Сорғалаған сұлу жырды,
Махаббатты келешектей
Ал өмірден сұлу күнді.
Саған арнап сыйға тарттым,
Сәулем пилот, алшы менен.
Бал көмейден сыр ағыттың,
Әсер алып, қалқам, сенен
Болат қанат құрыш құспен
Сен қыран боп көкке ұшқан,
Тізбектелген жыр да менен
Сен қиқулап бұлт құшқанда
Сен флоттан старт алып
Бойға қару асынғанда,
Мен қарағам жерде қалып
Сені бұлттар жасырғанда.
Самолеттің моторынан
Шыққан көктің әсем әні,
Тарап әуе толқынынан
Жан біткенге жаһандағы.
Дүниедегі тәтті күйдің
Ең ардақты ариясын,
Таптым сенен тербеткендей
Поэзия дариясын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері