Жаз еді – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Жаз еді» атты Жұмағали Саин жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 4066
Жаз еді хош иісі аңқып жатқан,
Жер сұлу қымбатты әсем алқа таққан.
Майысып қызғалдағы, талы үлпілдеп —
Өзен де күміс суын сылдыратқан.
Бал құрақ, балауса шөп елдің маңы
Тотының секілденіп құбылғаны.
Мың түрлі тәтті күйін балбыратып
Есімде бұлбұл құстың сайрағаны.
Жаз әсем жаным сүйер рақатты,
Құшамын, жас бөбектей қызғалдақты,
Аспаннан тамылжыған күн нұрымен
Төгілсе бұраңдап күй балдан тәтті:
Тыңдаймын рақатқа батып тәнім,
Өмірде ұмытпаймын жаздың әнін.
Оралып аяғыма сансыз гүлдер
Білемін табиғаттың сыйлағанын.
Үніңді жаратамын, бұлбұл, сенің
(Бар ынтам, бар зейінім сенде менің)
Дариядай тасқындаған асау жырдың
Ұнатам мың құбылып төгілгенін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаз еді өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Жаз еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаз еді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаз еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері