Тіршілік, сені сүйемін – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Тіршілік, сені сүйемін» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3359
Тіршілік, сені сүйемін,
Қойның ыстық, тілің бал,
Жүрегім менің елжірер
Жүзіңде қымбат жылым бар.
Құлыншақтай кісінескен
Сенде жастық шағым бар.
Бұлдырап мені қу деген,
Толқыны меруерт ағын бар.
Тіршілік, сені сүйемін —
Алтынды зерлі таңым бар.
Күлкісі күміс, құшағы от,
Қарақат көзді жарым бар
Аузын ашса бал тамған
Ақ маңдайлы жаным бар.
Бұрқана соққан жүрек бар,
Гүлдей бір атқан шағым бар.
Тіршілік, сені сүйемін —
Алдымда талай жылым бар,
Баладай сүйген есіркеп,
Көгімде күміс күнім бар,
Ішімде жатқан өнер бар.
Аспанға асу - қырым бар.
Қаптаған қалың елімде.
Қарындас, аға, інім бар.
Тіршілік, сенің ғашығың
Дүниеде барлық кәрі, жас,
Сен олармен біргесің,
Сен оларға бауырлас.
Сұлу мүше сымбатты.
Тіршіліксіз тән болмас,
Дүниедегі ең қымбатты
Тіршілік бітсе жан болмас,
Сондықтан сені адамзат
Жарындай мәңгі қиялмас,
Кетем деп сенен ертерек
Төсегін өзі жия алмас,
Қайта сені бөбектей,
Сүйе берер күні - түн,
Жүрегің ыстық,
Тілің бал,
Тіршілік, сен бір сұлусың.
Сүйемін сені, сүйемін,
От жүрек бер, жалын бер!
Мейірім бер, ерлік бер!
Кісілік бер, бәрін бер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіршілік, сені сүйемін өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Тіршілік, сені сүйемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тіршілік, сені сүйемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тіршілік, сені сүйемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері