Құлыншақ – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Құлыншақ» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2018
  • 0
  • 0
  • 6109
Кішкентай ғана құлыншақ
Уыз еміп қырда өскен.
Жылқы ішінде ойын сап,
Жұлдыздармен тілдескен.
Еріккеннен тістейсің
Анаңның қыл құйрығын.
Оқтын-оқтын кісінейсің
Көк дауыл тентек жүйрігім.
Айға қарап есінеп,
Таңдығыңды кересің.
Күнге қарап кісінеп,
Көңілге жел бересің.
Кейде желмен жарысып,
Атылып ойнақ саласың.
Тай, құнанмен қағысып,
Жерден топырақ қабасың.
Жеті айшылық жерді алар,
Тұяғы болат болар ма?
Аспандап ұшқан құсты алар
Ерге қанат болар ма?
Бота тірсек, бұйра жал,
Болдырмайтын кеңбісің?
Сымбатты сұлу кер марал
Ер мінер ат сенбісің?
Мен мінген ат белдеуде
Жорыққа дайын жарап тұр.
Қапыда жауға бермеуге
Шекесінен қарап тұр.
Менде де дайын оқтаулы
Тұр кабурда пистолет.
Шинель мен шлем сақтаулы
Қараймын кейде күлімдеп.
Ал, сен болсаң құлыным,
Ат боларсың арқырап.
Мінер совет ұлының
Маңдайы күнге жарқырап.
Лилия гүлдей ашылған
Құлыншағым таң асар.
Ер қаруы асынған
Тал бойында жарасар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлыншақ өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Құлыншақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлыншақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлыншақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері