Бір ақынға – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Бір ақынға» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2783
Екінші түрі

Сыртың сенің жылтырар, ішің мұздап,
Сөз айтасың әркімге сен жалғыздап,
Бітеу жара секілді тырыс - тырыс етіп,
Жұмбақ денең тұрады әр күн сыздап.
Өз бөркін қолыңа өзің алып —
Көтересің қоям деп бұлтқа апарып,
Бос бөшкедей жел үрген даурығасың,
Жын қақ қандай жүресің жалаң қағып.
Кейде тұман, сағымдай, кейде мұнар,
Секілді булы булау шақтарың бар.
Сайқалдықпен безейсің тіл - жағыңды,
Бір жансың атақ құмар нәпсі құмар...
Не бердің?! Қандай пайда көрді халық?!
Сезілмейді. Жатырсың өзің алып...
Тау дегенің жылтырақ құм төбесі,
Байқа, шырақ, Шөлейтте жүрме қалып.
* * *
Елді сүйсең, беріле жүрекпен сүй,
Бірге қуан, онымен бірге отқа күй!
Тағдырыңның қожасы жалғыз халық,
Әрқашан да ойыңа сен мықтап түй!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері