Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Киев жырларынан

Бұл бетте «Киев жырларынан» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1491
Бірінші жыр

Тан, қалдым міне бір көріп,
Тағдырың маған тым жақын.
Тар кезең өтті, төбеңде
Тамылжып туды күн жарқын
Таласа кіргем талай мен,
Жауыңа оқпен тіл қатып.
Сан жорықтар еткізгем
Тар қақпаңда түн қатып.
Көшенде өтті қан майдан,
Куә оған жас пен көріңіз.
Күбірлеп сөйлер кім қалды?
Күресте болдық бәріміз.
Балам деп сонда сен құштың
Бауырың ыстық, көзің жас.
Басымды тіге ант еттім,
Бағына апа-қарындас.
Туысқан қала, туған жер,
Топырағың сүйген сан қазақ.
Толғана өткен сол күндер
Түнеріп ажал тұрған шақ.
Тоспаған кім бар маңдайын
Кен байтақ совет елінде.
Бойыма біткен ар дайын,
Қымбаттым енді менің де.
Тағы да келдім оралып,
Тамаша жеңіс күнінде.
Тойлайық бірге ән салып,
Күлімде, достар, күлімде!
Айрылмас достық ақ ниет,
Куәсі — құрбан көп сандық.
Куәсі — өшпес далаңда
Қаныма шыққан қызғалдақ.

Екінші жыр

Көкірегімді оқ тескенде,
Маңдайым саған тиген жер,
Талықсып үнім өшкенде,
Өзегім деп сүйген жер.
Шалың әкем болған жер,
Бейнетіме көнген жер.
Кемпірің анам болған жер,
Көбіңнен құрмет көрген жер.
Тамшылап қаным ақ қан жер,
Тар кезеңде жау қамап.
Қайғыма бірге батқан жер,
Тағдырымды арқалап..,
Кегімді менің алған жер,
Кескілескен жауды атып,
Бақытқа мені малған жер,
Кеудемде жалын лаулатып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Киев жырларынан өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Киев жырларынан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Киев жырларынан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Киев жырларынан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері