Жеңіс күні – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Жеңіс күні» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 1
  • 23454
Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті.
Сүйінші елден сұрадық —
Жұбайын күткен жар күлді.
Жаным дер бауыры жауда өлген
Жарқырап қайғы-зар күлді.
Сілкінді дүние қайратпен,
Киімін шешіп қан басқан.
Отырды солдат айбатпен,
Етігін сүртіп шан басқан.
Көңілді көктем шағындай,
Құлпырды әлем сол бір шақ.
Сүйісті ғашық жарыңдай
Адамды өмір құшақтап.
Дүние махаббатымен
Сұқтанды қызыл жұлдызға,
Жеңімпаз Отан даңқы мен
Жауынгер біздің ұл, қызға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Нұрканат

Жақсы өлеңдер

Осы автордың басқа өлеңдері