Өмір дейтін
- 1
- 12
Өмір дейтін тайғанақ мұз-айдында,
Жырлап кетем, алдымен жылаймын да.
Сөредегі кермені кесіп өтсем,
Маған әлі жетпейді құдайдың да.
Өмір дейтін тайғанақ мұз-айдында,
Жырлап кетем, алдымен жылаймын да.
Сөредегі кермені кесіп өтсем,
Маған әлі жетпейді құдайдың да.
Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн,
Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың,
Ой-хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым,
Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен,
Шыда, шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің Кұлан иек қула таңы,
Эльмира
Бұл өлең 1974-1975 жылдары жазылған. Мұқағали Мақатаев Маңғыстау облысына келгенде жазған.
Айгүл Таңжарқызы
Ауғанбайқызы Эльмираның әкесіне арналған екен өлең. Әуекеңнің үлкен әкесі мен бірге туған тумаластары Иран бетте қалып, елге өте алмай, арманда кеткен.
"...Бермеді тағдыр тілекті,
Итшілеп жүріп күн өтті.
Үзіліп қалған армандай..." өзге елде солай сүйегі қалған бауырды өмір бойы күткен екен. Ауғанбай әкеміздің қамшы өретін өнері болған.
Міністен қалған тарландай,
Жүрістен қалған арландай,
"...Таспасын тіліп, қамшы өріп,
Отырар еді Ауғанбай.
Адасып көштен қалғандай......" бауыры мен әкесін таппаған Әуекең өз мұңын Мұқағали айтса керек.
Аруна
Мұқағали Мақатаевтың Ауғанбай өлеңі мықты жазылған
Ауғанбайқызы Эльмира
Керемет өлең! 1975 жылы Маңғыстау облысы, Жетібай ауылына қыдырып келгенде әкеме арнап шығарылды.
Дулат
Қандай керемет, толығырақ ашып айтып берсеңіз екен, қиын болмаса, Эльмира ханым
Эльмираға
Мұқағали ешқашан Маңғыстауға келмеген.
Эльмира Ауғанбайқызы
"Бұл Мұқағали Маңғыстауға келмеген" деген жанға айтарым Мұқағали Маңғыстауға 1975-1976 жж. келген. Жетібай ауылындағы группаласына қонаққа келгенде Арықбаев Ауғанбайға отырған жерде суырып салма ақындығымен өлең шығарып тастаған. Бұл өлең бірнеше жылдар бұрын "Жас Алаш" газетінде жарияланған еді, Әкем қазір бұл дүниеден өтіп кеткен, Газет қиындысы әлі күнге дейін сақтаулы.