Тіршілік қамы – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Бұл бетте «Тіршілік қамы» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.08.2018
  • 0
  • 0
  • 5253
Келмейді, іздегенмен, кешкен бастан,
Қасірет көп, айрылған соң құлын жастан.
Өкініш өткен іске пайда бермес,
Айрылып бір қалған соң қарындастан.
Тауып ал дер күнінде ғылым-білім,
Есер боп, жігітліктен болма мастан.
Еш нәрсе табарың жоқ мұнан былай,
Болған соң үміт-ойың қиғаш қастан.
Бір түссең ғашықлықтың дағуасына,
Қаларсың үйықтар ұйқы, ішер астан.
Бұл күннен күн бұрыннан жұм көзіңді,
Пайда жоқ, қарағанмен, сүмбіл шаштан!
Өнерге ғылым-білім кірген жақсы,
Өткізбе жігіт жасты байқамастан.
Білімге ие болсаң, шын [шен] табарсың,
Нала қып, жұмыртқаны шайқамастан!
Жұмыс қыл, талап, қайрат быхан һабын
Ол рас боп, кейінгіге болсын дастан.
Құдайым зауал берсе дұшпандарға,
Қылар жоқ, болғанменен сізге қастан.
Күткен соң іс ақырын бір Құдайдан,
Алдыңа өзі келер, байламастан.
Ғаділдік, туралықта тұрғаннан соң,
Көңесте би боларсың, сайламастан.
Жүрмейді, ақша бермей, маңайыңнан,
Парақор жеген болсаң шайнамастан.
Көпшіл боп көзді салсаң ілгергіге
Болмаңыз сұғанақтық байқамастан.
Нәрсеге, көз салсаңыз, пайдасы бар,
Ақырын, қылма жұмыс, ойламастан.
Жамандық қадап алар тіл найзасын,
Әсерден, қашқан жақсы, ойнамастан!
Назымды ойға келген айтса келел,
Ақылың, тұрған күнде, тарқамастан.
Бұл күнде мал табыңыз алас ұрып,
Күш-қуат кетіп қалмай арқа-бастан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіршілік қамы өлеңінің авторы кім?

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы — осы өлеңнің авторы.

Тіршілік қамы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тіршілік қамы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тіршілік қамы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері