Өлең, жыр, ақындар

Ақ боран

  • 14.08.2018
  • 0
  • 1
  • 4849
Гуілдейді ақ боран бұрқақтаған,
Әппақ, нәзік ұлпасын бүркеп маған.
Бара жатыр құйындар белдерді асып,
Торғын қарды үйіріп, ұнтақтаған.
Дауылдардың біткендей күші маған,
Мынау байтақ даламды құшып алам.
Дауылыңа тосамын от кеудемді,
Сүйсе сүйсін осылай қысын адам.
Жатады кейде естіліп далаға әнім,
Дауылға ұқсас болады бала жаным.
Көргеніммен дауылдар толасын мен,
Еркелік қой өмірден қалағаным.
Гуілдейді ақ боран бұрқақтаған,
Әппақ, нәзік ұлпасын бүркеп маған.
Бара жатыр құйындар белдерді асып,
Торғын қарды үйіріп, ұнтақтаған.
Күндер де өтті көптенгі асықтырған,
Кеудемде бір белгісіз тасып тұрды ән.
Көлеңке ықтап таулардың баурайына,
Күн де батты болдырып асып қырдан.
Болдырып күн де батты асып қырдан,
Бұлттар менің арманым қашық тұрған,
Сенің үнің ілгері ұмтылдырып,
Сенің күйің кеудемді тасыттырған.
Жылдар да өтті уақытты айдап өктем,
Жанымды сырлар да мол жайлап өткен.
Жылылығы жүректі жылытып мәңгі,
Жыл құсындай, қайран күн, қайда кеткен!



Пікірлер (1)

Амира

Супер пупер

Пікір қалдырыңыз

Өзіңе

  • 0
  • 0

Бір бұл емес өзіңе аттағаным,
Сүюші ем шаңқай күннің аптағанын
Өзіңе бір нәзік өн арнай келіп,
Өзіңе бір нәзік сыр ақтарамын.

Толық

Шоқан ескерткішіне қарап

  • 0
  • 1

Толастамай маңайынан құс үні,
Бір өзіне баурап
Көрген кісіні Академия алаңынан Алысқа
Асқақ қарап тұр Шоқанның мүсіні.

Толық

Ауылға барғанда

  • 0
  • 0

Баяғы өзен өзгертпеген ағысын
Сұстанады қаз-қалпында тағы шың.
Жиналыпты ауыл болып осында,
Жиналыпты әзілі көп абысын.

Толық