Өлең, жыр, ақындар

Құрбым менің

  • 14.08.2018
  • 0
  • 1
  • 6712
1. Той
Төл едік туған бір жылда,
Құлын тайдай тебіскен.
Тепкілеп төсін қырдың да,
Бір аяқ астан тең ішкен.
Болсақ та құйттай балапан,
Қызықтап жүрдік қыр таңын.
Балауса жұмсақ алақан,
Шаңдаттық үстін қырқаның.
Халге де жеттік ересек,
Отау боп түтін ұшырып.
Тартады алға келешек,
Өткенді еске түсіріп...
Қойдық па әнге шырқатпай,
Үйлену сенің тойында,
Отырдым дел-сал сырқаттай,
Сан сырлар толқып ойымда.
Жылдар да қанша өтті көп,
Күтпейді уақыт кезекті.
Қызғаныш оты тепкілеп,
Кеткен-ді өртеп өзекті.
Билесе жастар жұптасып,
Әсем сазға еліктеп.
Иықтан ауыр жүк басып,
Жанарға жас төніп кеп.
Сен жымисаң жайраңдап,
Естіліп жатты құздан да үн.
Бір сезім жанды ойрандап,
Бір өзіңді қызғандым.
Алайда дүлей қапырық,
Жүрегім тұңғыш егілген,
Жанымды мұңға батырып,
Жас болып көзден төгілген.
Таңсық қой жұртқа жас жұбай,
Ән-күйге би кеп жалғанды.
Албырт, шіркін, жастық-ай,
Егіліп кете барған-ды...
Қаншама уақыт, өтті күн,
Сан бүркіп өтті аспаным.
Шылымның тістеп оттығын,
Өткенді сыр ғып бастадың.
Қажырлы, көнбіс ажарың,
Өзгерген қалай күлкің де.
Тарттың ба ару азабын,
Мұңайдың неге бұл күнде.
Сөйлесең жоқтай сөзде мін,
Бар шының, әлде әзілің.
Шертеді күйін өзгенің,
Беттегі өрнек әжімің.
Солқылдаған жас шыбық,
Бұл күнде ағаш сая мың.
Бақытыңды басқа ұрып,
Жат аруды аядың...
2. Ән сыры
Сол әуеннен жаным тыншу табатын,
Таусылатын естігенше тағатым.
Ұйып-балқып әсем саздың сырына,
Уақыт тағы зымыраумен ағатын.
Осы дауыс естілмеген ұзақтан,
Алыстаған жастығымды ұзатқан.
Жұлдыз көзін жаудыратып мақпал түн,
Күтуменен сарғаятын ұзақ таң.
Сол әсем саз бүгін қайта жаңғырды,
Себелетіп жазғы жұмсақ жаңбырды.
Жанап өтіп терезенің тұсынан,
Иесі жоқ, жасқаншақтап ән жүрді.
Сол әуенмен жаным ұдай жарасқан,
Тыңдап соны тұнжырайтын кәрі аспан.
Жат арудың жанарынан жасқанып,
Ән де сенен талай жылдар адасқан.
Қозғамашы жанның енді жарасын,
Мені өніңмен қайда бастап барасың.
Осылайша қалайын мен оңаша,
Кетірмеші көңілімнің мазасын.
Сен шырқасаң домбырамен қосылғам,
Қос дауыс та толастаған тосыннан...
Аққу — әуен, шырқай безіп аулаққа,
Ол да менен жат арудан шошынған.
Мұңлы ай не бір сыр төккендей аспаннан,
Сол ғажап ән сенсіз талай басталған.
Ақ қайыңның иықтары дірілдеп,
Құрақтардан мөп-мөлдір бір жас тамған.
Талықсып бір ән қанатын жиятын,
Сорғалаған қарсы нөсер құятын.
Әнсіз мынау дүние де тым-тырыс,
Қауызына бір тарының сиятын.
Бал сезімді оятқан-ды сол әнің,
Кейде алыстан естігендей боламын.
Кейде жанға төгілгенде нөсерлеп,
Кеудеме кеп құйылатын мол ағын.
Сол бір әуен мені өзіңе баураған,
Жазғы кеште әнсіз жаным жаураған.
Ән көңілдің айналып бір көркіне,
Ән сиқыры бар сезімді баураған.
Қыз қиялын тербететін бала арман,
Маздап еді-ау бір отты ұшқын жанардан.
Сол ұшқыннан жүрек жанған дауылдап,
Жануға өзі тым-ақ құмар — қара орман.
Жалынына орап сол ән өртеген,
Аңыз емес қалған бүл бір ертеден.
Сол бір әнді есіме алып кейде мен
Беу, жастығым, өзің жайлы шер төгем...
Орман кеші содан бастап салқындап,
Мұңлы жаны тұратын бір ән тыңдап.
Тыныштығын көтеретін бір кезде,
Қара қарға ұшып-қонып жалпылдап.
Орман көлін қиқулатты қаз қонып,
Қарғалар да қарқылдасып, мәз болып.
Аққу әнін аңсауменен қара орман,
Ажыраған көңілімен наз-көрік.
Самал соқса бұрынғыдай ырғалмай,
Жылдар қанша әнін аңсап тұрғандай.
Жапырағы сарғыш тартып жүдеген,
Айтылмаған тірі жанға сыр бардай.
Уақыт толқын аға берген сырлығып,
Орман тұрды махаббаттай сырды ұғып.
Оның күйін түсінбеген сыртынан,
Өте шықты миығынан бір күліп.
Қыс ауысып талай көктем басталды,
Қаз бауыр бұлт торлап өтіп аспанды.
Селт етпеді бәріне де бір төзім,
Бұраң күлкі, сан мінезге астарлы.
Күндердің де өткерді ол талайын,
Бірте-бірте көміпті ақ шаш самайын.
Келмеді оған күлегеш қыз, құрбылар,
Келмеді оған көре алмаған ағайын.
Қарғалар да мазаны алды қарқылдап,
Найзағай да от үйіріп жарқылдап.
Тек теңселіп тұра берді қара орман,
Емес, сірә, сабыры оның сарқылмақ.
Мұңлы ай не бір сыр төккендей аспаннан,
Сол ғажап ән сенсіз талай басталған.
Ақ қайыңның иықтары дірілдеп,
Құрақтардан мөп-мөлдір бір жас тамған.
Талықсып бір ән қанатын жиятын,
Сорғалаған қарсы нөсер құятын.
Әнсіз мынау дүние де тым-тырыс,
Қауызына бір тарының сиятын.
Бал сезімді оятқан-ды сол әнің,
Кейде алыстан естігендей боламын.
Кейде жанға төгілгенде нөсерлеп,
Кеудеме кеп құйылатын мол ағын.
Сол бір әуен мені өзіңе баураған,
Жазғы кеште әнсіз жаным жаураған.
Ән көңілдің айналып бір көркіне,
Ән сиқыры бар сезімді баураған.
Қыз қиялын тербететін бала арман,
Маздап еді-ау бір отты ұшқын жанардан.
Сол ұшқыннан жүрек жанған дауылдап,
Жануға өзі тым-ақ құмар — қара орман.
Жалынына орап сол ән өртеген,
Аңыз емес қалған бұл бір ертеден.
Сол бір әнді есіме алып кейде мен
Беу, жастығым, өзің жайлы шер төгем...
Орман кеші содан бастап салқындап,
Мұңлы жаны тұратын бір ән тыңдап.
Тыныштығын көтеретін бір кезде,
Қара қарға ұшып-қонып жалпылдап.
Орман көлін қиқулатты қаз қонып,
Қарғалар да қарқылдасып, мәз болып.
Аққу әнін аңсауменен қара орман,
Ажыраған көңілімен наз-көрік.
Самал соқса бұрынғыдай ырғалмай,
Жылдар қанша әнін аңсап тұрғандай.
Жапырағы сарғыш тартып жүдеген,
Айтылмаған тірі жанға сыр бардай.
Уақыт толқын аға берген сырлығып,
Орман тұрды махаббаттай сырды ұғып.
Оның күйін түсінбеген сыртынан,
Өте шықты миығынан бір күліп.
Қыс ауысып талай көктем басталды,
Қаз бауыр бұлт торлап өтіп аспанды.
Селт етпеді бәріне де бір төзім,
Бұраң күлкі, сан мінезге астарлы.
Күндердің де өткерді ол талайын,
Бірте-бірте көміпті ақ шаш самайын.
Келмеді оған күлегеш қыз, құрбылар,
Келмеді оған көре алмаған ағайын.
Қарғалар да мазаны алды қарқылдап,
Найзағай да от үйіріп жарқылдап.
Тек теңселіп тұра берді қара орман,
Емес, сірә, сабыры оның сарқылмақ.
Талай-талай соқты құйын бүйірден,
Шаң-тозаңмен орман үстін үйірген.
Төкті талай нөсерлер де селдетіп,
Қап-қара бұлт қара құстай шүйілген.
Бұйлықпады бұған да орман қалтырап,
Жанарында тамшы тұрды жалтырап.
Төнген еді талай апат тосыннан,
Дегендей-ақ "мықты болсаң қал шыдап".
Сол бір сәтте кең даладан көсілген,
Жетті-ау әуен самал желмен есілген.
Орман үстін қайта құшып тыныштық,
Болды жым-жырт жынды дауыл есірген.
Көңілі қалған жалт етпе жат сезімнен,
Ән иесін қайта тапты безінен.
Өмірдегі бар қорлыққа көнетін,
Беу, махаббат, сен не деген төзімді ең?



Пікірлер (1)

Жанайым

Туган куніңмен

Пікір қалдырыңыз

Алматы — астанасы ғашықтардың

  • 0
  • 0

Қарашы сәулетіне Алматының,
Нұры бар келбетінде алмасының.
Жұмағын жер бетінің аралайық,
Алдымнан шығар болсаң,

Толық

Қарагер

  • 0
  • 0

Қамшылай жөнелгенде Қарагерді,
Бұрқ етіп артында шаң қала берді.
Қарагер қанат бітіп бұлдырайды,
Жолдағы тамсандырып тана көлді.

Толық

Дарқан далам

  • 0
  • 0

Дарқан далам,
Миллиард сый тартасың
Барсам маған.
Нағылған кішіпейіл, мейрімді едің,

Толық

Қарап көріңіз