Өлең, жыр, ақындар

Жарқыра менің жұлдызым

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 6262
Жарқыра, менің жұлдызым,
Жұлдызсыз мақпал түн — түнек.
Шақырып шалғай, жүршілеп,
Құстары ұшып дүркіреп,
Кеудеме жүрер жыр түнеп,
Жарқыра, менің жұлдызым.
Жарқыра, менің жұлдызым,
Жалындап от боп жанайын.
Ән болып өтсін әр айым,
Нұрландырса арайың,
Құштарлықпен қарайын,
Жарқыра, менің жұлдызым.
Жарқыра, менің жұлдызым.
Сүюдің дертін үдетіп,
Жолымды оңға түзетіп,
Сабырымды күзетіп —
Жарқыра, менің жұлдызым.
Жарқыра, менің жұлдызым.
Жалынға ора жас жанды.
Ақының неден жасқанды,
Өмірдің сырын жастанды,
Жанардан ыстық жас тамды,
Ұмытып дүние басқаңды...
Жарқыра, менің жұлдызым,
Қондырма қоңсы күдікпен.
Өмірде мынау жүріп кең,
Қиянаттан үріксем,
Созайын қолды үмітпен —
Жарқыра, менің жұлдызым.
Жарқыра, менің жұлдызым
Жарқыра, менің жұлдызым,
Боратып өлең — құйынды.
Ұқтырып дауыл күйімді,
Кенелтіп өнге үйімді,
Қуантсын жүрек дүйімді,
Сұранған сөздер сұралып
Айтылмай кетсе қиын-ды...
Жарқыра, менің жұлдызым,
Жолбарыс — жырлар жортқасын,
Жұртыма аян, қорықпасым.
Құлдырай көрме ылдиға,
Тұлпардың өрге
Тарт басын!..
Жарқыра, менің жұлдызым,
Жүзіңді тұман жаппасын,
Соқпасын дауыл, тоқтасын!
Жарығың сенің қуантсын —
Отанды, жерді, от басын,
Сөнуден сені сақтасын,
Жарқыра, менің жұлдызым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолдар сыры

  • 0
  • 0

Қарт Кавказдың сапырылған бұлтындай,
Көңіл ойдан отыр енді тынбай...
Көзге таныс, көк шыңдардың қойнауы,
Қонып кеткен өр ақынның жұртындай.

Толық

Дұғай сәлем!

  • 0
  • 0

Дұғай сәлем айта бар елге менен,
Түсіп жатыр жолдарға өрнек өлең.
Өлеңімен әуре боп жүрген балаң,
Өрлемеген,

Толық

Әже әлдиі

  • 0
  • 1

Әлди-әлди, бөбегім, балапаным,
Сен үшін кеудемнен нұр тартамын.
Қыран болып самғарсың,
Төменде қалып заңғар шың.

Толық