Өлең, жыр, ақындар

Бекініс

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1689
(М. М - қа)

Құйылған құзар шыңнан құлап еркін,
Құйғытқан құба жонда құлагерсің!..
Жазықта жазым болса өкінішті,
Құласа, шын биіктен құлап өлсін, —
Дегендей, жыр — тұлпарды қамшылайсың,
Тамған бір шөл далаға тамшыдайсың.
Құстай зулап, ұшырған екпініңе,
Емес қой қарап тұрып жан шыдайтын.
Құстардай күзгі аспанда жатқан шұбап,
Жарысты жанарыңнан жас тамшылап.
Сен едің көктемдегі сендей тасып,
Жұртыңа жырларыңнан тосқан шуақ.
Сен едің, сергітетін сері жанын,
Серпе шерткен домбыра, серігі - әнің.
Сол үшін де қастерлеп, қадір тұтып,
Шарпылғам, жырларыңа сенің жалын.
Біреулер жүр арманның отын ұштап,
Өмірдің кей мінезі өкінішті-ақ!
Өзіңе ескерткіш қып өлеңменен,
Кетіпсің алынбайтын бекініс сап...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шекарашы

  • 0
  • 0

Қауіптен сақтандырып ел-ананы,
Күзетіп сен келесің шекараны.
Өзіндей қырағы ерлер тұрған шақта
Еркіндеп табиғат та дем алады.

Толық

Күндер, күндер!

  • 0
  • 0

Күндер-ай бірін-бірі қуалаған,
Сол күннің әр мезгілі куә маған.
Өтсейші бір минуты тыныш қана,
Неліктен арманшыл боп туады адам.

Толық

Қиыла қарап артта...

  • 0
  • 0

Жүрекке —
Жанарынан от жандырып,
Жаныңды —
Жымиғаны шаттандырып.

Толық