Таң самалы – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Таң самалы» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2449
Теңіз ерте ұйқысынан оянды,
Толқын жүзі таң нұрына боялды.
Таң самалы тереземнен енгенде,
Көңіл қалай хош иісіне тоя алды.
Көз алдыма көкшіл әлем тартылды,
Таң керілген көркі қандай тартымды,
Теңіз күйін тыңдауменен тебіреніп,
Ризамын, өткеруге әр түнді.
Жабырқармын түсінбесең жанымды,
Тарту еттің маған сазды әніңді.
Сүйрік саусақ, сұлулары латыштың,
Мінезінде мін жоқ, неткен нанымды!..
Сүйсінемін, көзбен көріп сәніңді,
Кімді күтіп, теңіз сонша сарылды.
Самал сипап толқын жүзін өпкенде,
Кең даламды, елестетті, сағымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері