Өлең, жыр, ақындар

Қонақ келді

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4021
Қонақ келді, атын ұста,
Төрге шақыр, жан аға,
Қарама оған ақсақал ма,
Әлде жап-жас бала ма.
Иті түскір қауып алар,
Әдетіне бағынып,..
Оу, көкесі, үйдемісің
Өзің шықшы далаға.
Қонақ болсаң, төрлет қане,
Киіміңді шешініп,
Жайғас барып көрпе үстіне,
Аяғыңды көсіліп.
Шай қойылып, қазан ассын
Мал келгенше өрістен,
Ой тәйір-ай, қонақ үшін
Қамданудың несі жүк.
Қане қонақ, алаңсыз бол,
Молынан бір жыр ағыт,
Қонақ келсе жиналатын
Әдеті ғой мына жұрт.
Домбыра да бабында тұр,
Әнің болса кұба-құп,
Балалар да қалсыншы бір
Күйге қанып, қуанып.
Ал қонағым, бермен отыр,
Дастарқанға жақында,
Келбетіне қарағанда —
Ұқсай ма бір ақынға.
Соңынан-ақ ұғысармыз,
Аунап-қунап тынықсын,
Ер-тұрманын алғыз дағы,
Өріске қой атын да,
Деп, бәйек боп қонағына
Ақтарады бар сырын,
Дастарқанға төгіп тастап —
Бар дәмдісін, бал-шырын.
Қасиетіңнен айналайын,
Киелі қара шаңырақ,
Қайсы үйіне барсаң дағы
Әдеті сол ғой малшының.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақынға

  • 0
  • 0

Жол тартсаң ұзақ сарылып,
Тербеліп тымық теңізде.
Жүргенін сәулең сағынып,
Еске ал да, ақын, мені ізде.

Толық

Баспалдақ

  • 0
  • 0

Жоғары өрлеп келемін баспалдақпен
Тапталып,
Табандарда жатқан көптен...
Қатыгез,

Толық

Таң самалы

  • 0
  • 0

Теңіз ерте ұйқысынан оянды,
Толқын жүзі таң нұрына боялды.
Таң самалы тереземнен енгенде,
Көңіл қалай хош иісіне тоя алды.

Толық