Өлең, жыр, ақындар

Қаратал әсерлерінен

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1758
(Қырғыз жазушысы Айым Айтпаеваға)

Ел екенбіз ежелден-ақ туысқан,
Кезі бар ма арамыздың суысқан.
Салты менен қалпы бірге ағайын,
Нарын мен ет —
Асататын уыстан.
"Алатаудай" мәртебеңіз тұр биік,
Жанарыңыз —
Ыстық көлдей тұңғиық.
Бірге өткізген аз-ақ күнде көңілге,
Кеттіңіз ғой сарқылмайтын сыр құйып.
Үн қосады
Қомыз бенен домбыра,
Атамыздан қалған ол бір мол мұра.
Айым апа, қомызыңды шерт қане,
Тыңдаушысын есінен бір тандыра.
Бәрі сәуле шаша бермес жұлдыздың,
Мен де өзіндей
Еліне ерке, бір қызбын.
Қараталды дүрілдетіп кетсін бір,
Қос ақыны қазақ пенен қырғыздың.
Алдымызда барар әлі жол ұзын,
Кешерміз де шалқар қиял теңізін.
Тіл жетпесті жатқан жоқ па жеткізіп,
Қолындағы қара шанақ —
Қомызың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қиыла қарап артта...

  • 0
  • 0

Жүрекке —
Жанарынан от жандырып,
Жаныңды —
Жымиғаны шаттандырып.

Толық

Жандардың ұға бермес кез келгені

  • 0
  • 0

Жырла деп,
Жүрегімді сөз кернеді.
Оның да айтары бар,
Айтпасы бар,

Толық

Құтты мекен

  • 0
  • 0

Жатырсың кең көсіліп, құтты мекен,
Жаныңды біреу мендей ұқты ма екен.
Сыңғырлаған бұлақтың сұлу үнін,
Құмартқанда кәусардай жұтты ма екен.

Толық