Өлең, жыр, ақындар

Бір ауыл бар

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4531
Бір ауыл бар Қаратау бөктерінде,
Бұлбұлы құштар еткен төккен үнге.
Қол бұлғайды ақша бұлт
Алыстан-ақ,
Мен оны баламаймын шетке мүдде.
Бір ауыл бар Қаратау етегінде,
Құлшынады жылдардың
Көз тартқан көркіменен жұртқа әйгілі,
Замана оны биік көтеруде.
Көмкерген алтын астық шаңдақтарын,
Көресіз одан еңбек
Саңлақтарын.
Көресіз Медетовтай ел ағасы.
Қатардағы партия солдаттарын.
Күш бардай сол өңірде біз ұқпаған,
Көшелері қаладай тізіп салған.
Жол түсіп, сол ауылға
Барғанымда,
Мен-дағы таң-тамаша қызықтағам.
"Бөкейшың",
"Керегетас",
"Құланасқан",
Аспанға мойын созып тұрады астам.
Жоталардың үстінен бұрқ ете қап,
Құйыны да тым тентек тұра қашқан.
Қалмайды–ау көрер көзге ұнамастан,
Сырлары көп айтатын құлақ ассаң.
Керегенің шыңына шыққанында,
Кетердей алақанға құлап аспан.
Кейде бір ойда жоқта шаң борайды,
Сөйте тұра жаныңды әнге орайды.
Өркеш таулар тартылған шымылдықтай,
Жері де көк балауса, Сәнді, арайлы.
Жол жатыр жондарды асып таспаланған,
Текшеге жиған жүктей тас қаланған.
Құздардың қойнауынан орын алып,
Осынау ауыл ерек тұр
Басқалардан.
Ешқашан естіртпеген жаманатын,
Еліне сыйлы болып саналатын.
Көресіз сол ауылдан
Жұрекеңдей —
Жиырма төртінші съезд делегатын.
Қанат қаққан қырандай шың басында,
Қайсарлық бар, ерлік бар
Тұлғасында.
Қазақтың қарапайым қадірлі ұлы,
Еңбегімен тіл қатып тұр ғасырға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзің едің

  • 0
  • 0

Өзің едің өмірдегі бір теңім,
Әр кеудеге түней бермес жыр тегін.
Көңіл дымқыл,
Күн көзіне құрғатып,

Толық

Күрең шай

  • 0
  • 0

Жеңеше,
Шәйіңді әкел қаймақтаған,
Күрең шәйдан ұрттасам
Қайраттанам.

Толық

Раушан

  • 0
  • 0

Сыйладың аттанарда раушан гүлін,
Қалай айтып әсерін тауысам бұның.
Қараған сайын тағы толғандырып,
Жаныңның еске салар жайсаңдығын.

Толық

Қарап көріңіз