Өлең, жыр, ақындар

Жүреді ұдай

  • 17.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1687
Қызықтырып сонадайдан
Атпаған таң, келер күн,
Бір соқпағын қуып келем
Мен де осынау өнердің.
Дүлей күшті тылсым күйге
Бағындырған толқындай,
Соғыламын жағасына
Өмір — атты кемердің.
Жүрем кейде жалын құшып,
Бал сезімге бағынып,
Жолдан талай оралдым да
Арман тауым шағылып.
Адам тұрғай жан жүректі
Елжірете балқытқан,
Жүрем кейде туған жердің,
Тастарын да сағынып.
Көп–ау шіркін, асыл мұрат,
Арман атты биіктер,
Сағым болып қашса арманың,
Самал болып қуып көр.
Сараң тағдыр жалғыз соны
Сыйласа егер ол баста,
Сірә, менен қызғанба сен
Мөлдірлікті, тұнық көл.
Ән тербесем естімеген
Сәл сабыр ет, тыңдап қал,
Борық оймен босаңсысам
Төске сал да шындап та ал.
Жүреді ұдай толғандырып:
Өткені мен келері —
Өмірдегі шешуі жоқ,
Түйіні көп жұмбақтар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүлданай

  • 0
  • 0

Бір қыз бар сол ауылда қара бұрым,
Бірге өткізген сонау бір балалығын.
Егіске барғанында талай рет,
Жинап әкеп беретін дала гүлін.

Толық

О, толқынды теңізім шағалалы

  • 0
  • 1

О, толқынды теңізім шағалалы,
Жетсе деймін жанымның саған әні.
Дауылыңнан мен емен ығысатын,
Шырағымды сөнбейтін жағам әлі.

Толық

Бір уыс топырақ

  • 0
  • 0

Қаншама артық болса да
басқа қала,
Жетер ме өз туған жер,
тас қораңа.

Толық