Жаңа жыл – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Жаңа жыл» атты Жамбыл Жабаев жазған мерекеге арналған өлең берілген.

  • 21.08.2018
  • 0
  • 5
  • 21207
Домбыраны қолға алсам,
Ағылған күй мен жыр көрем;
Өміріме көз салсам,
Жайнаған жарқын нұр көрем;
Туған айға, қарасам,
Теңеліп өсіп аласам,
Жанға жайлы жанары,
Жылжып бір келген жыл көрем.
Бақытты халқым, шат елім
Жаңа жылдың келгенін
Шаттықпен қарсы ала біл,
Күмістей қардың суынан,
Суарыған қырынан,
Көктемде егін салады,
Жаңа жыл жылжып келген соң
Өндіріс те өрлесін.
Тебіндей өскен төрт түлік
Туындай түлеп төлдесін.
Жаңа жылда мың бұрап,
Домбыраның пернесін,
Жамбыл да күндей жарқырап,
Жырым бір құлаш сермесін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (5)

айзере

өте күшті мен осыны үнемі оқимын

Шынар

Нашептали ушумакму

Шынар

Мен Жаксы адаммын

.

Куа бермендерш

Ерасыл

Жамбыл Жабаевтың «Жаңа жыл» өлеңі — жаңа жылдың қуанышы мен бақытты тілектің тамаша поэтикалық бейнесі!
Өлеңде ақын туған елінің шат-шадыман күндерін, күзден келер жаңа жылды күту сезімін, әсіресе халықтың өндіріс пен өмірдің өркендеуіне деген үмітін әсерлі жеткізген. Бұл туынды әрқашан жыл басында жақсылық пен молшылық тілейтін жүректер үшін рухани азық болып табылады. Осындай шығармалар қазақ поэзиясының тіл байлығы мен ұлттық дәстүрлерді мадақтайтын мазмұнын көрсетеді✨

Осы автордың басқа өлеңдері