Асау үйреткен жігіттерге – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Асау үйреткен жігіттерге» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2018
  • 0
  • 0
  • 7301
Асау тайға мінушек,
Ауыл кезіп жүрушек,
Аттанушек «бозбала»,
Атағымыз сол ғана...
Неге екенін кім білсін?
Жүруші едік жұмыс жоқ,
Құр әйтеуір көңіл тоқ...
Секілді едік буыршын,
Өмірді бос өткізіп,
Жұртқа сүйкім кеткізіп,
Жүрдік пе екен қыз үшін!..
Тек осыны ойлаңдар,
Сендер ондай болмаңдар,
Қылжақбастық құрысын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асау үйреткен жігіттерге өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Асау үйреткен жігіттерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асау үйреткен жігіттерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асау үйреткен жігіттерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері