Тәжібайға – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Тәжібайға» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2018
  • 0
  • 0
  • 6367
Жасымнан атым аян Жамбыл едім,
Сүрінбес қара сөзге даңғыл едім.
Сөйлесем сары түнге шалдықпайтын,
Қақырап қайран даусым қалды менің.
Шалқыған аспан-көкке қайран әнім,
Шырқасам кіргізетін тойдық сәнін,
«Ә» десем, ауызымнан бытырайды,
Шіркінге не болғанын біле алмадым.
Тәжібай, саған қалай менің мұным?
Аулақта сұрайтұғын бұл бір сырым:
Әнді алған, әр нені алған сұрамастан,
Күнәлі, бәлкім бұған кәрілігім?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері