Барлыбайға

Бұл бетте «Барлыбайға» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3887
Қазақта көптен жүрген мен бір тауық,
Шырағым, емдеймісің емін тауып.
Қаттырақ жауырынымнан қыса түссе,
Жүрекке болмас па екен үлкен хауіп?
Емдетпей, ерлік етіп жүре берсем,
Кетпей ме тұла бойға түгел шауып?
***
Жүрек неге соғады өрге қарап?
Жағар-жақпас білмеймін ішкен тамақ.
Байдан сауған кедейдің сауынындай,
Лөгдір балам, отырмын саған қарап!.
***
Шақырған жоқ сендерді Жамбыл жайға,
Ақылдасып қойыңдар осындайда.
Әркім өзі жершілмін деп ойлайтын:
Ұрып кетіп жүрмеңдер екі сайға.
***
Жамбыл өлең айтпайды жантайған соң,
Жалқауырақ тартыппын қартайған соң,
Көңілсіздеу секілді көрінемін,
Дос алыстап, қасымнан жар тайған соң.
Тарыншақтау мінезім — ұрысқақтау,
Еріншектеу болыппын — тырысқақтау,
Айқайласа жүйріктей бүйірі қызған,
Ақын-ақ ем бір күнде ұрыншақтау.
Жас баладай ілезде кетем қалғып,
Қартайған соң бір ұйқы алған аңдып,
Жазуыңды Ғали-ау қоя тұршы,
Шаршаңқырап отырмын басым мәңгіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлыбайға өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Барлыбайға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барлыбайға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барлыбайға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері