Әке әзілі – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Әке әзілі» атты Жамбыл Жабаев жазған әке туралы өлең берілген.

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 11434
Сойған түлкі секілді
Сатышым жүр ырсыйған.
Тұрабымның тұрпаты —
Бұқашадай тырсыйған.
Аққулыға қарасам —
Ішін алған торанғы*8
Қызық көріп балаша
Отырамын соларды.
Жау-жапырақ секілді
Жартыбай жүр қаудырлап.
Мазамды да кетірді
Сөз сөйлесе саудырлап...
Құйымшағы бүріскен
Нағашыбек ешкідей.
Жымың-жымың күліспен
Жүре беред естімей.
Бәрі маған аян ғой,
Айта берсем тағы да.
Бірақ өліп қалам ғой
Мен солардың «бағына».


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері