Өзің едің – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Өзің едің» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1860
Өзің едің өмірдегі бір теңім,
Әр кеудеге түней бермес жыр тегін.
Көңіл дымқыл,
Күн көзіне құрғатып,
Көз жасымды ақ бұлттарға сүртемін.
Сахарада соғып өтер құйын көп,
Қалдың неден шешілмейтін түйін боп
Өз орныңды өзгерте алмай өзгемен,
Кеттім білем мен өлеңге үйір боп.
Найзағайдың от қамшысы осқылап,
Арнасында тулап жатты тас бұлақ.
Діріл қағып көкірегімде ықтады,
Сезім атты ырғатылған жас құрақ.
Тірі жанға тіс жармадым сырды ашып,
Күн қабағы бірде бұлтты,
Бірде ашық.
Кетер ме едім өз отыма өртеніп,
Сергітпесе сезімімді жыр-ғашық!
Кей сәттері қорғасындай зіл басып,
Өз-өзіммен отырамын мұңдасып.
Таусар ма еді саған деген сырымды,
Бақшадағы бұлбұл біткен жырласып.
Өзің едің өмірдегі бір теңім,
Өр кеудеге түней бермес жыр тегін.
Көңіл дымқыл,
Күн көзіне құрғатып,
Көз жасымды ақ бұлттарға сүртемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзің едің өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Өзің едің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзің едің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзің едің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері