Қызғалдақтар
- 0
- 0
Басқа күнге ұқсамайды бұл күнім,
Бұл не ғажап қаптап кеткен бұлбұл үн.
Көктем қыздың тарамдалып төсінен,
Бұралады сұлу толқын мың бұрым.
Бұл бетте «Досқа тілек» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Басқа күнге ұқсамайды бұл күнім,
Бұл не ғажап қаптап кеткен бұлбұл үн.
Көктем қыздың тарамдалып төсінен,
Бұралады сұлу толқын мың бұрым.
Мен кеттім, ел ұйқыда, ояу дала,
Тұрған есіп қоңыр жел баяу ғана.
"Ортамызға келді деп, бір ақын қыз",
Жылы сөзбен қарсы алдың, аяулы аға.
Өткен күнге тіл қатып сыр кешіп ем,
Мұң-зар көшіп жатыпты-ау, қыр төсінен.
Құйылып құз-қиядан бір әсем күй,
Қазақтың ән өріпті күркесінен.
Бұл ұйқы бұрын былай сергек пе еді,
Ақ арман анашымдай тербеп пе еді.
Қырмызы түннен тағы маза қашты,
Сан ойлар жиналған соң жер-көктегі.
Ерсұлтан
Керемет бірақ келесі жолы қысқа және оңай шығару керек