Шоқан ескерткішіне қарап – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Шоқан ескерткішіне қарап» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.08.2018
  • 0
  • 1
  • 2961
Толастамай маңайынан құс үні,
Бір өзіне баурап
Көрген кісіні Академия алаңынан Алысқа
Асқақ қарап тұр Шоқанның мүсіні.
Иық қандай,
Қара толқын шаш қандай!
Көкірек ше —
Жұлдыз толы аспандай!
Дүние сырын бағып тұрған сияқты,
Оған біткен таңғажайып қас,
Маңдай!
Қыран даусы тау жаңғыртып,
Тас жарған,
Ғалым жолы бір қиырдан басталған.
Шоқан кенет ойға шомып кеткендей,
Келе жатып сонау алыс Қашқардан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Айару

Рахмет өлең әдемі екен

Осы автордың басқа өлеңдері