Өз елім – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Өз елім» атты Күләш Ахметова жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.08.2018
  • 0
  • 0
  • 7183
Сүйіктіңдей жүретін кіл есіңде,
Кір түсірме ел деген ұлы есімге.
Ата мекен — бақыты бабалардың
Жеңіп алған сап ғасыр үлесінде.
Күндерімен, түнімен, гүлдерімен
Өзіңдікі ол сенің, білесің бе?
Өзіңдікі ауасы, таң нұры да,
Өзіңдікі жазы да, жаңбыры да.
Өзіңдікі даласы, тау, қыры да,
Өзіңдікі мереке, ән-жыры да.
Өзіңдікі барлығы болғаннан соң
Өзіңдікі болғаны тағдыры да.
Өзіңдікі суы да, орманы да,
Өзіңдікі көлі де, қорғаны да.
Өзіңдікі үйлері, бақтары да,
Өзіңдікі көшесі, жолдары да.
Бар бақыты сенікі болғаннан соң
Қайғысы да сенікі болғаны да.
Бір көресің шат, мұңды кезеңін де
Алтын болып көрінер жез өңінде.
Сен сүюге туған жердің
Бұлбұлын да, әнін де, өзенін де
Өз анаңның алдында ұйықтағандай
Өзі бақыт — жүргеннің өз еліңде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өз елім өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Өз елім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өз елім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өз елім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері