Өлең, жыр, ақындар

Аяулы шағым — жастығым

  • 28.08.2018
  • 0
  • 0
  • 9674
Аяулы шағым — жастығым!
Жартасқа шыққан ақ гүлім.
Байлауға келмес тасқыным,
Басылмай жүрген аптығым.
Кішілігім мен паңдығым,
Күнәларым мен пәктігім.
Азапқа салған жанды мың
Ащы жасым мен тәтті мұң.
Айласыз кезім еш те бір —
Аяй білмеген ат терін.
Жылаған, күлген кештерім —
Қымбат та қызық шақ керім!
Шымырлай тұнған сезімім,
Шимайға толы дәптерім.
Шыдамды кезім, төзімім,
Шындыққа сенген сәттерім!
Аяқталмаған соқпағым
Аралау үшін өз елін.
Ақиқат сойылын соққаным
Өртеніп тұрып өзегім.
Тәуекел соңын күтпеген
Албырт та қиын кезеңім!
Арманым, әнім бітпеген,
Асығыс аққан өзенім!

Оңашаланып өзгеден
Бұлаққа барғың келе ме?
Қуана білген көзбенен
Жылап та алғың келе ме?
Келеді озық жаңа ұрпақ,
Қалдырар біздер із қайда?
Соны ойлап, жаның жабырқап,
Жүрегің шаншып, сыздай ма?
Сезінесің бе болғандай
Бітпеген істер бетке мін,
Аяулы жылдар армандай
Асығыс өтіп кеткенін.
Қиналасың ба соншама
Өткендей қызық кез демде.
Бауырың, жарың болса да,
Жалғыздығыңды сезгенде.
Ызыңдап маза бермей ме,
Өкініш деген көк дөнен?
Кеудеңді кейде керней ме,
Басылмай жүрген өксігің?
Арманға жүрек тола ма,
Сан алуан сазды толғай ма?
Мұндай сәт сенде бола ма,
Мұндай сәт сенде болмай ма?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аркадийдің фотолары

  • 0
  • 0

Мынау достар!
Жас күніміз бірге өткен.
Аяулы еді, ыстық еді, түу, неткен!
Рахия, Күлтай, Башар, Ізімгүл

Толық

Алтын ай!

  • 0
  • 0

Тезірек шық ала бұлттан!
Жігіттің жүрегімен алабұртқан
Ойнайды
сырғалары сылдыр қағып,

Толық

Пәк табиғат таратып

  • 0
  • 4

Пәк табиғат таратып бар асылды
Жәудір жанар гүлдердің бәрі ашылды.
Әр маусымның өзіндік бояуы бар
Өр бояудың әні бар жарасымды.

Толық

Қарап көріңіз