Өлең – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Өлең» атты Күләш Ахметова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4079
Несіне осы өлеңді жазамын мен,
Тарттым қой жетерліктей азабын мен.
Білмеймін қалай еріп кеткенімді
Муза кеп сыбырласа ғажап үнмен.
Ынтық боп нем бар еді осы өлеңге,
Қалмайды дегбір — өлең десе, менде.
Қалайша күймей қалғам,
Жап-жалаңаш
Қолыммен қызыл шоғын көсегенде?
Кім мені жадылады, дуалады,
Қолым да, жүрегім де сұранады.
Неліктен жаным содан жұбанады?
Сол ғана шаң-тозаңды жуа алады.
Жәй сөздер... Кенет өлең құралады...

Менің өлең өмірім —
Менің үлкен сыбағам —
ұлы майдан, ұлы алаң.
Бар әйелдің жеңісімен қуанып,
бар әйелдің көз жасымен жылағам.
Менің өлең өмірім —
Менің үлкен сыбағам.
Өкінемін мынаған:
Түнде оянып, ой жібіне сөз маржан
тізген кезде көмек берді кім оған?..
Менің өлең өмірім —
Менің мәңгі үлесім.
Біресе мұң, біресе үн...
Қуанышым, махаббатым, қызығым,
қылдай үміт, қымбат тілім, күресім.

Кенен жасы — Тәңірден сұрағаным,
Тыңдау сөйтіп бұлбұл мен бұлақ әнін,
Мейлі, тіпті, болмасын ұнағаным,
Ештеңе етпес сүрініп, құлағаным.
Елім, далам, балам мен өлең болса,
Қалғанының табармын бір амалын.
Қайырлы өмір Тәңірден тілегенім,
Иманды істен іздермін жүрек емін.
Сабыр күтіп, дақпыртқа бой алдырмай,
Өмір сүру — арманым, міне, менің.
Көркем ғұмыр — көргенім — жақсылық боп,
Биіктесе, біртіндеп жыр-еменім,
Сен риза боларсың, білем, елім!
Түзу тірлік Тәңірден тілегенім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлең өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері