Кіндік шеше – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Кіндік шеше» атты Күләш Ахметова жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.08.2018
  • 0
  • 1
  • 10662
Көбірек қыста дауылдар,
Азырақ жазда жауындар
Болатын сонау алыста
Үшарал дейтін ауыл бар.
Тарқатсын бүгін ақын шер.
Жететін тездеп шақырса ел —
Тұрады сонда көптен бір
Лиза дейтін акушер.
Білетін оны әр адам
Болса екен дейді ол аман.
Алыстан іздеп барады
Ақ борандарда бораған.
Бола ма бұдан бағалы іс,
Жайлаудан жазда ең алыс
Барады жүкті әйелдер,
Бермейді еш бір демалыс.
Қонғанда жерге жаңа шық,
Шығатын Күнмен таласып,
Ай, күні жеткен анаға
Жүгіреді екен жаны ашып.
Өзгеріп жүрек күйі — үні,
Соққанда өмір құйыны,
Жаны ашу деген адамға —
Сезімнің ең бір биігі.
"Дәулет пен байлық — қол кірі"
Деген ғой қазақ, ол да — ірі.
Жаны ашу деген жалғанда
Сезімнің ең бір мөлдірі.
Мейірімге толы қарашық
Ақ желеңімен жарасып,
Ауырғандарға Лиза
Жүгіреді екен жаны ашып.
Еңбегін ауыл етеді ән,
Алғандар қанша от одан.
Атағы бір де кем емес
Патшайым Елизаветадан.
Алады алғыс анадан,
Алады алғыс атадан.
Мейірімі үшін артық ол
Патшайым Елизаветадан.
Сенімді сөзбен демейді,
Көтерер сенім мерейді.
Үшарал ауылы өсті, енді
Акушеркалар көбейді.
Толғақтың қиын майданы,
Кіндік шешелер — айғағы.
Үйреніп қалған әйелдер
"Лиза, Лиза" дейді әлі.
Тіршілік — үлкен көрініс.
Кезекте — жеңіс, жеңіліс.
БОСАНТУ ӘЙЕЛ-АНАНЫ
ЖЕР БЕТІНДЕГІ ЕҢ ҰЛЬІ ІС!


Пікірлер (1)

Іңкəр.

Ои кандаи керемет барлығы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кіндік шеше өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Кіндік шеше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кіндік шеше өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кіндік шеше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері