Ақша қарда – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Ақша қарда» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1643
Кіршіксіз
Қандай таза алғашқы қар,
(Түнеріп тау басында қалмас мұнар).
Ғажап-ау ұқсастықтар арадағы
Адамды табиғатпен жалғастырар.
Кіршіксіз,
Қандай таза алғашқы қар,
Мұндайда қыран биік самғап шығар.
Күйі де бұл көңілдің ауыспалы,
Мұң менен шаттық орнын алмастырар.
Айнала ақ торғынға орағандай,
Үлбірер жеңгем тартқан орамалдай.
Аязда ақша қардың сықырынан
Сезімдер ұйқыдағы оянардай.
Керемет!
Маңайдан мен мін таппадым.
Қар жатыр сай-саланың қымтап бәрін.
Елестеп кетті бір сәт көз алдыма,
Ақпанда алып келген гүл шоқтарың...
Жан — алау,
Жарқылдаған жанар — шақпақ,
Келемін жолсыз жермен сонар-соқпақ.
Қыс қатал болса-дағы,
Қаталдықтың
Көкейде түйіні бар қалар сақтап.
Шындарды қымтай түсіп жауыпты қар,
Жол жүру шатқалдарда қауіп шығар?
Құрсанған,
Дауылдатқан қыс күніндей,
Менің де әдетім бар жауып тынар.
Қарашы шыршалардың ырғалғанын,
Ұшырып алыстарға тұр ма арманым,
Шағылған күн нұрына ақша қардай,
Жүзіңнің көрдім сонша нұрланғанын.
Даланың кешіп жүрміз телегейін,
Мен қалай ұқсастықты елемейін.
Қарлы шың қарағайлы
Түн ішіңде
Көрінді алыс тартқан кемедейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақша қарда өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Ақша қарда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақша қарда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақша қарда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері