Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Серпілу

Бұл бетте «Серпілу» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1746
Мен жүрмін Алатаудың құшағында,
Қаласам,
Қияндарға ұшамын да.
Қаласам,
Аспандағы ақша бұлтты
Бөлеймін жан жырына,
Құшамын да.
Мен жүрмін Алатауда,
Жайраң кеште,
Мендей-ақ кешер біреу сайран кешсе.
Алатау асқарына алып шықса
Шартарап,
Шақырады қайран Көкше!
Ақ иық шақырады Алтайым да,
Шарқ ұрып сайрандаудан шаршайын ба.
Атырау аласұрып,
Көбік шашты,
Дегендей ал, ақыным, ән дайын ба?
Атырау шақырады ыңыранған,
Ширатып толқындарын шыңыраудан.
Байқоңыр қосты мені бәйгесіне
Танған ба хас жүйріктер зымыраудан.
Сабылып,
Сапырылып ғұмыр-арна,
Келеді жетелеумен жүгін алға.
Жебеуге дайын тұрған елім барда
Жүрегім жалындамай,
Суынар ма?
Асқарым,
Асатұғын тауым биік,
Келеді құдіретін дауыл құйып.
Өмірден мен өтпеймін налып жүріп,
Өтермін жыр отымен жанып жүріп!
Ел-ана,
Отанымды сүйіндіріп,
Өтермін бір өзіңді сүйіп жүріп.
Қағамын қанатымды биіктерде
Тұрғанда аспан күліп,
Нұрын құйып!
Алады көздің жауын далам гүлдеп,
Қызығып,
Кейбіреулер қарар күндеп.
Адамға бақыт берген
Уақыт-мерген,
Өзіңе алғысым мол,
Тағар мін жоқ!
Аямай сыйлады өмір асылдарын,
Халқымның мерейі ғой асырғаным.
Қосамын қоңыр үнді домбырама,
Жетеді ғасырлардан ғасырға әнім.
Басқаның отына мен бас ұрмадым,
Сырымды, жұртым,
Сенен жасырмадым.
Шындары ақша бұлтты сырлас еткен,
Ғажабы,
Алатауым,
Қасындамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Серпілу өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Серпілу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Серпілу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Серпілу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері