Сегіз аяқтың ізімен – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Сегіз аяқтың ізімен» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2994
...Анадан алтау,
Атадан төртеу
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,
Айтайын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ...
Барар жерім жоқ,
Қарар елім жоқ,
Нән қалада қаңғырып жүрмін.
Досым жоқ даналы,
Қасым көп саналы
Мәңгіріп тұрмын.
Адамдай панасыз,
Маралдай анасыз
Сағынған кең даласын.
Сыр айтар халім жоқ,
Шын айтар зарым көп
Өлеңім,
Жалғыз дос сен ғанасың.
Жанарда жас жатып,
Бас қатып
Күлкім де қоштасты жел тілек.
Мұңыммен мазасыз,
Түріммен шарасыз
Абайда жүремін тентіреп.
Хақым жоқ бақытқа
Ақындай
Шуақсыз жыр туып шабыттан.
Ертеңі белгісіз
Тентегі бергісіз
Қазақтың мен деген бір қызы жабыққан.
***
Ардағым қашып,
Арманым жасып
Алданып жүрген шақтарда.
Өлеңім тілсіз
Көмейім үнсіз
Көмілем ойға бақтарда.
Қинаған өмір,
Қимаған көңіл
Тілегім ұшып желменен.
Шабытым қашып,
Табытым ашық
Күттірген көптен келмеген.
Үзілер үміт,
Тізілер күдік
Шашылып шындық далаға.
Шапағат жырақ,
Махаббат сұрақ
Жаздан соң қыс кеп қалаға.
Түк қалмай бойда,
Жүк толды ойға
Арманға сеніп кекілді.
Бақытты аңсап
Уақыт та шаршап
Күндерім біткен секілді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сегіз аяқтың ізімен өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сегіз аяқтың ізімен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сегіз аяқтың ізімен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сегіз аяқтың ізімен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері