Өлең, жыр, ақындар

Серік Томановқа

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1382
Мұқаңдар жоқ Абайлардың соңында
Кеткен мәңгі қаламымен қолында.
Тағдыр бақтың бұйыртпады бірін де
Сені де, Аға, көре алмадым тіріңде.
Көре алмадым шабыттанған кезіңді
Ақ параққа ақтарылған сезімді.
Мен білмедім, сені мұңның құшқанын
Тіршіліктің тарықтырған тұстарын.
Мен білмедім, алдамшы үміт малданып
Сенің оған күн кешкенің жалданып.
Бәлкім, солай бақытың да кешігіп
Сен асығып жаптың өмір есігін.
Өкпелемей бес күн жалған фәниге
Бірді әкетіп, бірді әкелер әр үйге.
Сен жырың оқылғанда ұйып таң
Түн жымияр өр күлкімен миықтан.
Сен кеткенмен дүние өзгермеді
Қала, дала, жұрт аман – өз көргенің.
Ақындар жүр алысып сезімменен
Ал, арулар жоқты аңсап көз ілмеген.
Тірісінде мұңдарды өріп кілең
«Тағдырынан алданған дерсіз бір мен».
Өлеңіңді көзіңдей көріп жүрем,
Кешір, аға, өмірді сенсіз күлген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мені өлердей сүйесіз

  • 0
  • 0

Түн күледі, тілегі оның төзімсіз,
Менің нәзік күлкімсіз.
Бәрібір де менің күлкім, көзімсіз
Сіздің өмір сүйкімсіз.

Толық

Шаршадым

  • 0
  • 0

Шаршадым
Шабыт көп азаптап.
Бақыт жоқ, мазақ қап.
Сен сағым

Толық

Түңілу

  • 0
  • 0

Тағдыр жынын көтермес еркеңіздің
Үрлеп ішер, үрке жеп күйген бәрі.
Көк мешітте сөз берген көркем қыздың
Түнде үйіне қонбайды сүйген жары.

Толық