Балауса түндер

Бұл бетте «Балауса түндер» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1369
Бақыт боп жарыта қоймадың,
Туылған шығарсың мұңыма.
Мазасыз ойларға тоймадым,
Мән бере қоймассың жырыма.
Адал ем, адалдық қажет пе?
Тек сендік сезімге өртеніп,
Күтумен кейде қыс, жаз өткен.
Өкінген емес ем жер теуіп.
Пенденің шындығы ашылмас,
Алдасын бір-бірін алдаса.
Жаныңның жарасы жазылмас,
Тәніңнің ыстығы далбаса.
Азапты алыста ұсақтап,
Күш берген маң далам, бел-жотам.
Мұқаңның кітабын құшақтап,
Балауса түндерде мен жатам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балауса түндер өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Балауса түндер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балауса түндер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балауса түндер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері