Оқыма жырды зар тұнған – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Оқыма жырды зар тұнған» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1623
Оқыма жырды зар тұнған,
Енді өлең жазбан антұрған.
Тәрк етем бәрін, тек қана,
Шабытты қайтем шарқ ұрған?
Сезімді тастап сұлатып,
Сауықты жүрем ұнатып.
Миымнан сені шығарам,
Басымды ауыртпас сыра түк.
Жақындай көрме маңыма,
Кек толды қоңыр қаныма.
Түнімде әнмен оралам,
Не тілек айтам таңыма?
Құмарлық құрып мазақтай,
Сағыныш кетсін тозаққа.
Осылай сенсіз күн кешем,
Бақытты болғын о жақта...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқыма жырды зар тұнған өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Оқыма жырды зар тұнған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оқыма жырды зар тұнған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оқыма жырды зар тұнған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері