Аққуым – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Аққуым» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3139
Әкелгендей мол қуаныш, сұрағандай сүйінші,
Тұршы, сәулем, мұңаймашы, шықшы қырға, киінші,
Дегендей бір самал есті қолаң шашты жұлқылап,
Бір сағыныш жүрегімді шымырлатты шымшылап.
Жүгіре шықтым қыр үстіне, соқты самал желпініп,
Жатыр екен табанымда толықсыған көл тұнып.
Жатыр екен бұратылып сан құбылып ойнақшып,
Сәуле құшқан толқын ерні дір-дір етіп қаймақшып.
Көрдім дағы сол бір қалпын жүрек кетті толқындап,
Жағалауда нәзік қайың ырғалады солқылдақ.
Жағалауда нәзік құрақ сусылдайды бұрымдай,
Самал тынбай тербетеді бірін қатты, бірін жай.
Сыбырлайды, сыбдырлайды,
сыңғырлайды бар маңым,
Төксін дей ме жүрек толы сағынышын, арманын.
Жұлқылайды, шымшылайды, қытықтайды бал сезім,
Мейлі-мейлі бар еркімді балқытып бір алшы өзің.
Ұмытайын бәрін-бәрін, ойланайын өзің боп,
Көз сүрінткен сұлу жаның төгілсін бір сезім боп.
Бар еркімді бағындырған, сағындырған күйік боп,
Арманымның аспанына жұлдыздайын биіктеп.
Тербетесің, желдетесің, желпіндіре желписің,
Желписің де нәзік әнге құмарлана елтисің.
Елтисің де кетесің бір жадыраған жаз болып,
Жасыл құрақ жағалауың көгала үйрек, қаз қонып,
Сол бір сәтте баурын төсеп жүзеді аққу қаңқылдап,
Су бетінде сұлу тұлға толқын тербеп қалтылдап,
Ұмтылады, кеудесіне жыр тұнады, жылжиды,
Жасыл жаға мүлгиді де әлдилейді бір күйді,
Әлдилейді, тербетеді, құшағына алады,
Осы сәтте ару аққу әсем әнге салады.
Сымпылдатып қанаттарын, сұңқылдатып даусын,
Әсем әнмен ұйытады құз қойнауын, тау ішін.
Сол суретке қалам қарап жанарымды қандырып,
Аққу арман алыстайды үмітімді талдырып.
Сонда көңіл гүл атады ұқсайды да көктемге,
Кеудем толып кеткендей бір лапылдаған от демге.
Бірақ, бірақ сол бір сәтте мен өзімді тыямын,
Тиямын да қара бұлттан нөсер болып құямын.
Құямын да алыс кеткен аққуымды іздеймін,
Көз жазсам да бірақ одан үмітімді үзбеймін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққуым өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Аққуым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққуым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққуым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері