Өлең, жыр, ақындар

Төркін

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 4590
Алдымнан жүгіре шықты бұлақтарың,
Дала ұсынды мақтадай гүл аппағын.
Сипайды салқын самал саусағымен,
Ақынға келді ме әлде сыр ақтарғың?
Көңіл – дағы тым сергек алып ұшпа,
Әлде бір көптен жүрген сағыныш па?
Әлде бір көптен күткен өңім бе едің,
Естуге бір құмартқан жазы қыста?
Сұрамаймын жаныма бер тыным деп,
Неге, маңдай, бұлайша тершідің кеп?
Жүректі елжіретіп жіберді ме,
Үзіліп шыққан дауыс "төркінім", деп?
Біте бермес далаға бұндай көрік,
Бір толқын жүрегімді тынбай көміп.
Мен тұрмын келбетіңе қимай қарап,
Алысқа ұзатылған қыздай көріп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таңбалы

  • 0
  • 0

Қарайтын кірпік ілмей таңға мынау,
Тұрсың ба аман-есен,
Таңбалым-ау!
Тасынан елік тайған,

Толық

Тобық

  • 0
  • 0

Жанымды жастай егілтіп,
Жеңгелер мұңын көп ұққам.
Махаббат жырын төгілтіп,
Сыр шерткен құйттай тобықтан.

Толық

Ауладағы гүлге қарап

  • 0
  • 1

Су берші гүлге,
Қызым,
Шөлдеді ғой,
Шел буса нәзіктіктің өлгені ғой,

Толық