Бұл бетте «Ақ қайыңдар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ қайыңдар алқаптарды алқымдап,
Кешкі арай жатыр шынды алтындап.
Самал желмен желпінеді тау тұтас,
Бой жазып бір таза ауада салқындап.
Шыршалар түр сүр жебедей шаншылып,
Мың сан құсты жақсылыққа жаршы ғып.
Қалай сыйған табиғаттың бойына,
Мұншалықты сұлулық пен әншілік.
О, табиғат, бар ма саған таласым,
Кейде мүлгіп ұзақ ойға қаласың.
Кейде сен бір ғажап жыршы анасың,
Әнмен тербеп әлдилеген баласын.
Маңдайыңды таңғы самал сүйіп кеп,
Жатырсың ғой кілең мақпал киіп тек.
Көрген сайын Алатауым, асқарым,
Қаламын бір өзіндей боп биіктеп.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі