Жеке шумақтар – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Жеке шумақтар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2237
Бір кеудеде үміт-күдік, әр талап.
Келем тынбай соны ұдайы арқалап.
Өмір жолы біркелкі емес, біл соны,
Кейде түзу, кейде терең жарқабақ.
* * *
Күй боп тасып, тулап жатқан кеудеде.
Бір ағын күш бар еді ғой менде де.
Махаббатпен уланса егер бұл жаның,
Дауасы жоқ, әуреленбе, емдеме.
* * *
Оянса егер көкейінде жас арман,
Кезім деп біл, оны да бір жасарған.
Ғасырлардың арқалаған салмағын,
Батырға ұқсап қаласың бір қасарған.
* * *
Өтер жастық, келмес қайта оралып,
Өтер күлкі, өтер қайғы, ол анық.
Өтер бәрі, шын махаббат мызғымас,
Қалғанынша жер көрпеге оранып.
* * *
Сырыңды көзіңнен түсінем,
Тау құлайды білек күшінен.
Таудан биік көңілім құлады,
Махаббат тамшысын ішіп ем.
Үнсіздік қана билесе бір сәт тау ішін,
Ызындап баяу жел әлдилеп даланы.
Әсем ырғақ наздана созып дауысын,
Деміккен өзен сылқ түсіп құлап ағады.
Мұрныңды жарса хош иісі балғын гүлдердің,
Кеудеңе басып, сүйсіне қарап қаласың.
Көрсем гүлді қолынан мен кімдердің,
Ойлап қалам, аңсайды-ау деп,
еркін өскен даласын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеке шумақтар өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Жеке шумақтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеке шумақтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеке шумақтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері