Өлең, жыр, ақындар

Қайда, құрбым, сол бір тәтті күндерің

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 5537
(Рашидаға)

Көктем екен жас қайындар бүр ашқан,
Жасын төкпей,
Жадыраған сұр аспан.
Қырда қызыл қызғалдақтар ашылып,
Күміс бұлақ сүйіншісін сұрасқан.
Өстік қой біз егіз гүлдей ырғалып,
Соңымызда іздер дағы бір қалып.
Өмір бізге айқара ашты есігін,
Алдымызда тұрды арман нұрланып.
Міне, құрбым, сен дәрігер, мен ақын,
Талдыратын армандардың қанатын.
Сыр шертіссек ұзақ таңға көз ілмей,
Жарық дүние ұйып тыңдап қалатын.
Сол күндерді сен қалайша ұмыттың,
Оралмай ма еске алау, тымық түн.
Алыс кеткен жастық күндер елесі,
Жалт береді, сәулесіндей үміттің.
Шіркін өмір, алауы мол, нұр-ағын,
Бір жандырып,
Бір сөндірген шырағын.
Қайда құрбым, сол бір тәтті күндерің,
Ажыраспай жүретұғын бір адым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әже әлдиі

  • 0
  • 1

Әлди-әлди, бөбегім, балапаным,
Сен үшін кеудемнен нұр тартамын.
Қыран болып самғарсың,
Төменде қалып заңғар шың.

Толық

Дос туралы

  • 0
  • 2

Достың сөзі жалынды,
Достың сөзі нанымды.
Аярмысың дос үшін,
Ақырғы үзім наныңды.

Толық

Жапырағын шуаққа жаяды үміт

  • 0
  • 0

Жаныма бір өзіңді сая ғылып,
Жапырағын шуаққа жаяды үміт.
Өтіп жатқан әр күнім
Жанарымнан —

Толық