Орамал – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Орамал» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2834
1
Есімде көкшіл орамал,
Есімде күнің сыйлаған.
Жақсылыққа жорамал,
Басқаға оны қимаған.
Қарадың ұзақ елжіреп,
Қарадым мен де қайрылып.
Орамал тұрды желбіреп,
Жол жатты екіге айрылып.
Көремін кейде кешкілік,
Күн талмаурап батады.
Баяғы жол ескіріп,
Жұрт сүрлеу деп атады,
Сарғая күтіп жатады...
2
Үміті өшті талайдың,
Жұбаныш болмас басқа жан.
Сарғайған жолға қараймын,
Тірі адам әлі баспаған
Кеудеде өшпес бір сезім,
Айтылған сол бір дос тілек.
Естіліп әлі тұр сөзің,
Дүрсілдеп соғып қос жүрек.
Сағынсам сені сарылып,
Түседі еске орамал.
Отырсам бірде тарылып,
Мойныма сен боп оралар.
Кірпіктен тамшы үзілді,
Талмаураған төзім бе.
Орамал жапты жүзімді,
Егілген кейбір кезімде.
Сусып түссе шашымнан,
Көтеріп жерден бүркендім.
О, достар, сенен жасырман,
Сол еді сәні күркемнің.
Дей көрме текке жорамал,
Дей көрме бұны тосын жай.
Аспан түстес орамал,
Аяулы сол бір досымдай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орамал өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Орамал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орамал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орамал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері