Ауылым – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Ауылым» атты Марфуға Айтқожина жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 5854
Ауыл үсті көк бұтақтаған,
Әрі таныс, әрі ыстық жақ маған.
Бейне бір мейірімді анаға ұқсас,
Маңдайынан баласын бір қақпаған.
Ауылым жатыр ұқсап ертегіге,
Кетеді ақын жанын елтеді де.
Бүгінді жыр етеді таусылмайтын,
Тілесең тарихтан сыр шертеді де.
Құмартып биігінен күн қарайды,
Ескен же л мөлдір көлді бұралайды.
Осында ғой тірліктің думан-тойы,
Жер жаннаты дер едім бұл маңайды.
Туған жер, артықсың ғой күллі асылдан,
Сен ғана мерейімді күнде асырған.
Еркелесе өз арқам, өзге емес,
Бір күнің артық маған мың ғасырдан.
Көтеріп келем тынбай уақыт жүгін,
Сенде туған мен қандай бақыттымын.
Қиялым шарқ ұрады шар тарапқа,
Ойда жоқ алсам деген жатып тыным.
Күнім жоқ, келбетіңе қадалмаған,
Мен жолаушы, тынымсыз алаңдаған.
Жырлаудан бір өзіңді шаршармын ба,
Балаңмын, мейіріңе қана алмаған.
Айтшы, не бар қасиеті өз елімдей,
Шаттығым шалқып жатыр өзеніндей.
(О, ақын, сен қол бала туған елге,
Сен жалын, отты жырдың өзегіндей.)
Лепірген тасқынға ұқсап ақын жаны ай,
Басылған ба, от болып лапылдамай.
Ақын сөзін қайталап самал есер,
Ақынға ұқсап ойланып жатыр маңай.
Мол ғой сенің, туған жер, қасиетің,
Тартқан емен қайғының қасіретін.
Туған елім, өзіңе борыштымын,
Құдіретсің ғой алдында бас иетін!
Беу, тағдыр, мені аяма қиындықтан,
Жоқ әлі талабымды құйын жыққан.
Жүгіртпе жеңіліңе желпілдетіп,
Жұмсай бер, ауырыңа күйімді ұқсаң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылым өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Ауылым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауылым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ауылым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар