Қыран – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Қыран» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2503
Қырандар бар қырымда самғайтұғын,
Қанаты қанша ұшса да талмайтұғын.
От көзінен мүлт кетпес қыр тағысы,
Шың да жоқ ол шарықтап бармайтұғын.
Қырандар, бұлт ішінде бұлдыраңдар,
Құйылып құз басынан құлдыраңдар.
Қалқитын томағасыз торғын көкте,
Қыран, қыран, паһ шіркін, шын қырандар!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері