Өлең, жыр, ақындар

"Қызбөктер"

  • 13.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1431
Кез еді кеш батуға ыңғайланған,
Шоғыр бұлт көк жиекте түр байланған.
Кім білсін ол да мені сағынды ма,
Қара орман қолын бұлғап шулайды алдан.
Көрінді сондайдан "Қызбөктері",
Жарысып қара жолмен тізбектері.
Күн құлап бара жатты қырқасынан,
Түрі бар оның дағы бізге өкпелі.
Қаншама жаз өтпеді, күн өтпеді,
Бұл жерден ақырғы рет біз өткелі.
Қарағай тік тартылып тұр алдымда,
Бейне бір қарт батырдай күзеттегі.
"Қызбөктер" сырлы, сұлу жаралыпты.
Самалы сыбырлайды жаңалықты,
Жартасында ойнақ сап, гүл теретін,
Мен одан қайта көрдім балалықты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара бұрым толқындап тілерсекте

  • 0
  • 0

Арманы бір қашанда,
Тілегі бір,
Үміт артқан халқымның түлегі бұл.
Осынау қарақат көз сіңлілерім,

Толық

Ақ Еділ, арманым ең

  • 0
  • 0

Мен болдым Ульяновск қаласында
Мен болдым Ульяновск қаласында,
Өр тұрған
Өмірдің сан таласында.

Толық

Ұнатамын..

  • 0
  • 0

Ұнатамын мен аппақ дала таңын,
Баурыңдағы мен де бір балапаның.
Бірде қатал естілсе әмірлі үнің,
Бірде шаштан сипайды алақаның.

Толық