Өлең, жыр, ақындар

БІЗ –АНАМЫЗ

  • mendi
  • 16.09.2018
  • 0
  • 3
  • 3738
Біздер-гүлміз,
Туған жердің төсінде ырғала өскен.
Біздер –нұрмыз,
Шаңыраққа шаттық боп шуақ төккен.
Біздер- күнбіз,
Мейірімге бөлеген бар әлемді,
Біз-самалмыз,
Майда леппен жаныңды есіп өпкен!

Біз-Арманбыз,
Азаматты іңкәр ғып ғашық қылған,
Біз-қорғанбыз,
Көрінетін айбыны асып қырдан!
Біз –орманбыз,
Қорғайтын дауылдан да, жауыннан да,
Біз-жүрекпіз,
Тамырыңнан қаныңды тасыттырған!
Біз-Әйелміз, Біз-Жармыз, Анамыз-Біз!
Бар бақытты осыдан табамыз біз!
Тізерлеткен билеуші Ақсақ Темірді де,
Ажалға ара тұрған Данамыз біз!
Жылу мен қуат толы алақаны,
Жұмақтың кілтін басқан табанымыз,
АНАМЫЗ БІЗ!



Пікірлер (3)

Акжан

next өтіп кетті ғой қазір оян ғой - oyan14 , oyan17 немесе oyan18 - осының біреуі

mendi

ммм, рахмет, Ақжан!

Жаннат

Тамаша өлең

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз