Жарын жоқтау
- 0
- 0
Мінгенде атым кер шұбар,
Тебінген сайын тер шығар.
Тең тұсың сенің келгенде,
Теңселіп үйден кім шығар.
Бұл бетте «Өкініштің өзі күшті!» атты Мариям Қосылған жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мінгенде атым кер шұбар,
Тебінген сайын тер шығар.
Тең тұсың сенің келгенде,
Теңселіп үйден кім шығар.
Бозінгендей боздадым,
Өз құрбымнан озбадым.
Оң жаққа салған қу төсек,
Жақсылықпен тозбадың.
...Үш некелі боп едің
Үш-төртеу көрдің перзенттен,
Ақылыңа серік боп,
Екі балаң ержеткен.
Жаз жайлауын айтайын,
Сарғазардың саласы.
Қыс қыстауын айтайын,
Қара судың жағасы.
Асығыс айтып саспайын.
Бұлаңдап жүрген бұлғыным,
Қысқа болды-ау өмірің,
Аяққа құйған астайын.
Әлемде бар ҚАЗАҚ деген ұлы халық расында,
Сыйлап тұрар,демеп тұрар қарамайды жасыңа,
Сол азғана халық бүгін барша елге танымал,
Күші жетпес ешбір қ...
Асель
Шынымен де... омир артурли жагдайларга тусирип, ия катайтады, ия киратады...
Мадина
Не деген керемет айтылған сөздер өлең тамаша
Айгерім Амантай
Мариям Қосылғанның “Өкініштің өзі күшті!” өлеңін бүгін алғаш рет оқып отырмын. Өте терең мағына, әр жолы жүрекке жетеді. Өмірдің ащы шындығын дәл осылай жеткізу – үлкен шеберлік. Балама жатқа айтқызып, мағынасын түсіндірдім. Қазақ поэзиясының қазіргі өкілі ретінде Мариям апамыздың қаламына тәнті болдым. Өлең мәтіні өте әсерлі, әр сөзі ойға қонады. Оқыған әрбір адам өз өмірінен бір үзінді табады деп ойлаймын. Керемет!