Жан денеден жалықты...
- 3
- 1
«Жан денеден жалықты,
Жанды ал»,– дедім Жарыма.
«Ол сасыған балық-ты,
Кім құмар,– деді,– жаныңа».
Бұл бетте «Оян» атты Асқанбаев Дархан Сұңғатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Жан денеден жалықты,
Жанды ал»,– дедім Жарыма.
«Ол сасыған балық-ты,
Кім құмар,– деді,– жаныңа».
Жан жүрегім, жаным жеп,
Жанған отқа саласың.
«Анау сүйтті, бүйтті» деп,
Күнде мазамды аласың.
Басында жан мен дене екi басқа,
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оған да күту керек бұзылмасқа.
Жар көрмеген надандар
Жарың кiм деп күледi,
Оқыған ойсыз адамдар
Жансыз өмiр сүредi.
Таза арақты әкел, шырақ,
Болайын қайғыдан жырақ.
Бойым – еркiн, ойым – ұжмақ,
Тiлiм – бұлбұл, сөзiм – бұлақ!
Жас алпыстан асқан соң,
Өлiмге аяқ басқан соң,
Тіршіліктен оянып,
Көзiмдi анық ашқан соң.
Модератор
Енгізіп жатқанда: егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.