Оян, жастар – Балым Мамутханова

Бұл бетте «Оян, жастар» атты Балым Мамутханова жазған жастар туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Оян жастар, көзіңді аш, ерінбе
Қазақпын деп, құр мақтанба, елім деп
Сөзбен көкке көтермей елдің атын
Сауат ашып, білімге жақын тартын

Құр сапырмай су тәрізді күніңді
Күлсең күліп, қағазға шақ мұңыңды
Миллиардтаған кітап барда, жер барда
Төрт қабырғада отыруға бола ма?

“Инстаграм” мен желінің пайдасы не
Көзін ашпай, халық соған берілсе?
Арын сатып, тәнін сатқан қаракөз
Сол желіде танымал боп, желпінсе?

Бүгін барлық қазақ шеттерінен патриот
Жүрегінде жанған оның жалған от
Қазақпын деп керіп кеуде мақтанар
Жетістігін айтқанда ол шаттанар

Қазақ болсаң, сол сөзіңді дәлелде
Кеуде қақпай, ойлап шығар әлдене
Өзгенің көзінде кір байқайсың
Өз бойыңың шірігенін айтпайсың

“Ұят қайда, намыс қайда?!”-деген жұрт
Өз елінің арасына салар құрт
Елім деп еміренген жастар жоқ,
Бетперделі патриот пен надан көп.

Өзін ғана ойлаған бұл заманда
Бос сөз де көп, өтірік те, жалған да...
Қысқа етек, боянған бетке болар ғашық
Имандылық, ибалылық айтып алып.

Оян, жастар, ояна гөр, көзіңді аш
Бұл түнекте тізе бүкпей жолын тап
Не кедергі тұра қалып күресуге?
Өмірдің шын ләззатын бір сезуге

Машық тап, бір іспенен айналыс
Өмір деген үздіксіз бір қарбалыс
Тіл үйрен, еңбек етіп, ет жина
Жаңа білім құя бергін миыңа

Не кедергі саған әлемдегі ұлылардай болуға?
Не кедергі, орыныңды таба қап
Биікке, асқақ шыңға қайта-қайта ұмтылуға?
Не кедергі бақытты болуыңа?

Оян, жастар, аш көзіңді, тұр ұйқыдан
Алға тартын, талпынып, болма жалған
Өрмеле биігірек бар әлемнен
Сен болмасаң, мұны ешкім жасай алман...


Пікірлер (5)

Лайк кушти

Зын

aida05

Күшті

aida05

Күшті

Ерболат

әлемдегі ұлылардай болайық тіпті барлығынан озайық

Адылғазы

Оян, жастар, аш көзіңді, тұр ұйқыдан!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оян, жастар өлеңінің авторы кім?

Балым Мамутханова — осы өлеңнің авторы.

Оян, жастар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оян, жастар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жастар туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Оян, жастар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар